Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Күні бойы кептелісте тұрамыз", - тұрғын

12.09.2023ж. 20:00
578
"Күні бойы кептелісте тұрамыз", - тұрғын

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 47-орында. Жұмысқа бару үшін орташа есеппен 35 минут жоғалтады. Ал мегаполисте тіпті сағаттап жол жүрулеріне тура келеді. Көлік кептелісі бас қалада да өзекті. Оны шешудің жолы бар ма? Дәрібек Бахытбек тарқатады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Көшедегі кептелістен көліктер аяқ алып жүре алмай жатыр. Қазір түс уақыты. Шамамен бұл жерде тұрғаныма 10 минуттан асты. Көргендеріңіздей бағдаршамның түсі жасыл жанғанымен тек алдыңғы 10 шақты көлік ғана қозғалды. Қалғандары сол күйі орныңда тұр.

Көлік кептелісі таңертең, түскі, кешкі қарбалас уақытта болады. Бәрінің жұмысқа, сабаққа баратын кезі. Бірақ көлік тізгіндегендер мұнымен келіспейді. Күні бойы кептеліске тап боламыз дейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Кез-келген уақытта пробка бар қазір. Тұран, Мәңгілік ел жақтарда көп левый берг осы Тұран, Қабанбай батыр осы жерде көп ғой. Түркістан пробка постояна.
- Осы мына Қабанбай батыр көшесі азаннан кешке дейін даже 24 сағат деп айтса да болады кептелісте болып тұрады. +Принциппе Астананың барлық көшелері кептеліс болып тұрады ғой.
- Көп болады кептеліс. Таңертеңгі уақытта 8 бен 9-дың ортасында. Ал, кешкілік сол 7 мен 9-дың ортасында.

Астанада 430 мың көлік бар. Оған қоса күніне басқа қаладан 90 мың темір тұлпар кіріп, шығады. Бас қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек кептелістің көп екенін әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Әсіресе, Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылы, Сарайшық, Қонаев көшелерімен көлік көп жүреді деген. Кептелісті болдырмау мақсатында жұмыс жасалатынын жеткізген.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл жыл соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірді ашамыз. Бұл кептелісті едәуір азайтады. Келер жылы Кенесары көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар.

Жаңа көпір, айналма жол салынып жатыр. Бірақ көліктің де саны уақыт өткен сайын көбеюде. Оның үстіне сырттан келетіндері тағы бар. Оларға шектеу қоюда мүмкін емес.