Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Президент айтқан мәселелер заңмен бекітілуі тиіс», - депутат

12.09.2023ж. 20:00
608
«Президент айтқан мәселелер заңмен бекітілуі тиіс», - депутат

Президент Жолдауында ел дамуы үшін маңызды міндеттер айтылды. Енді ол мәселелер заңмен бекітілуі тиіс. Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Басқару жүйесіндегі жаңалықтар, су мен ауыл мәселесі, аудан және қала әкімін сайлау, референдумның өтуі. Мұның барлығы жаңа Қазақстанның дамуына серпін беретінін айтады.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Айтылды нақты. Енді біз осы мәселелерді қазір жан-жақты зерттеп, шешу жолдарын, дұрыс шешімдер қабылдау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп мәселесі. Екінші – бюджеттік мәселелерді салық жөніндегі. Содан кейін туризм мәселесі. Су шаруашылығы.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Адамдардың өмір сапасын, өмір салтын, саяси институттар арасындағы қарым-қатынас тәртібін өзерту – маңызды. Оған сұраныс та көп. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауы, осы сұраныстарға жауап береді. Онда айтылған мәселелер Қазақстанның жаңаруы мен өркендеуіне септігін тигізеді.