Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасы үшін таласады

AstanaTV
12.09.2023ж. 21:56
554
Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасы үшін таласады

Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангладештің Кокс-Базар қаласында өткен Азия Кубогының 1-айналымында (орталық аймақ) топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, Қазақстан-1 (Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко) мен Қазақстан-2 құрамасы (Алина Раченко мен Анастасия Уколова) финалда Қырғызстаннан келген 2 команданы жеңді. Есеп 2-0.

Осылайша Қазақстан орталық аймақтың жеңімпазы ретінде Париж Олимпиадасына іріктеудің 3-ші кезеңіне тікелей шықты.

Бұл жарыс келесі жылы көктемде өтеді. Онда Қазақстанмен қатар Жаңа Зеландия, Жапония ойнайды. Қалған 2 құрама 2-айналымнан соң анықталады.

Айта кетейік, Кокс-Базар қаласында Қазақстан, Иран, Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Өзбекстан, Непал, Мальдив аралдары, Ауғанстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Бутан құрамасы сынға түсті.