Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Бөлек сезім екен": Ұлын үйлендіргелі жатқан Абай Бегей құдаларымен "тәтті шайда" бас қосты

AstanaTV
13.09.2023ж. 18:00
772
"Бөлек сезім екен": Ұлын үйлендіргелі жатқан Абай Бегей құдаларымен "тәтті шайда" бас қосты

Күні кеше танымал әнші Абай Бегей ұлы үйленіп, келін түсіргелі жатқанын айтып, қуанышымен бөліскен болатын. Әнші құдаларымен кездесіп, бір дастархан басында жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі өзін құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

“Осындай маңызды күнде құттықтап жатырған барша халқыма алғысым шексіз. Кешеден бері дайректен тыным жоқ, тоқтаусыз тілектер келіп жатыр. Барлығыңызға жауап беріп үлгермесем де, оқып риза болып отырмын”, – дейді Абай Бегей.

Тойға дайындықты бастап кеткен әнші толқып жүргенін де жасырмады.

“Тойдың алдындағы қарбаласпен толқып жүрміз. Құдағымыз мың жылдық болғай. Ұлың үлкен өмірге қадам басып, отағасы болайын деп жатырғаны деген бөлек сезім екен. Қадамдары оң болсын! Аллаға шүкір! Тілекші болып отырғандарыңызға мың алғыс”, – деп жазды өнер иесі.