Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы атап өтілмек

AstanaTV
13.09.2023ж. 22:43
684
Астанада Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы атап өтілмек

Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы Астанада тойланады. 15 қыркүйек күні Астана қаласында жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ауылдық аймақты тұрақты дамыту қоры.

Қордың мәліметінше, мерейтой Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасында 15 қыркүйек күні сағат 15:00-ге жоспарланған. Дәл осы күні кітапханада жазушының 80 жылдығына орай мерейтойлық конференция мен көрме ұйымдастырылады. Ғылыми конференция соңында "Шолпандай таң алдында туып-батты" кітабының тұсаукесері болады.

 Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған шаралар жазушының туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданынан басталған. Мерейтойды республикалық көлемде атап өту ауылдық аймақты тұрақты дамыту қорының ұйытқы болуымен өтіп жатыр. Іс-шаралар одан ары Алматы қаласында жалғасады.