Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде экспорттық-кредиттік агенттік құрылады

13.09.2023ж. 20:00
408
Елімізде экспорттық-кредиттік агенттік құрылады

Елімізде алғаш рет экспорттық-кредиттік агенттік құрылады. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді Қазақстанда жаңа агенттік жұмысын бастаса, 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ долларына дейін экспорт көлемі өсуі мүмкін. Заң жобасы 10 заңнамалық актіге, соның ішінде кодекске және 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақ экспорт бұған дейін қайта сақтандырумен ғана айналысып келетін болса, енді бұл өзінің аясын,құзыретін кеңейтіп жатыр. Кез-келген мемлекетті дамытатын ол – бизнес. Ол кәсіп қана. Біз қашанғы шикізатты сыртқа жібереміз? Енді бұл біздің кәсіпкерлер үшін қоодау болайын деп тұр.

Еуразия экономикалық одаққа мүше елдер қайта сақтандыру компаниясын құрмақ. Бұл заң жобасы да мәжіліс алаңында талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Компанияның елімізге тигізер пайдасы зор – дейді мамандар. Осы арқылы Қазақстан одаққа мүше мемлекеттермен байланысын нығайтып, сауда айналымын арттыра алады. Бірлесіп өндірген өнімдерді үшінші елдерге өткізуге мүмкіндік алады.

Темір ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қайта сақтандыру компаниясын құру туралы Ереван қаласында 2022 жылы 20 қазанда қол қойылды. Бұл, әрине, экспортта шығаратын кәсіпкерлерге тәуелділікті жою мақсатында істелініп жатқан мәселе. + Біздің кәсіпкерлер егерде шет мемлекеттермен қазір экспортқа өз өнімдерін шығарып жатыр ғой. Сол өнімдерін апарып, сақтандыру жөнінде Еуразия саласында қайта сақтандыра алады.

Елімізде біраздан бері маңызды геологиялық жаңалықтар болмады. Мұны Президент өз Жолдауында айтты. Осыдан кейін депутаттар жер қойнауын пайдалануға қатысты заң жобасын әзірледі. Онда көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру сияқты мәселелер қарастырылған.

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең басты мақсат - біздің минаралдық-ресурстық базамыз төмен. Соны ұлғайту үшін, көбейту үшін инвестициядарды көбейту керек. Сол мақсатта осы заң жоба жер қойнауы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар жасалған еді.