Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнаһар болғаны ма?",-Е.Қошанов

13.09.2023ж. 20:00
672
"Ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнаһар болғаны ма?",-Е.Қошанов

"Домбыра-харам". Жат діни ағым жетегінде кеткендер жұртты әлеуметтік желіде осылай адастырып жүр. Халқымыздың ғасырлар безбеніндегі сан қырлы тағдырын баяндайтын, өткені мен бүгінін үндестіретін қайталанбас ұлы құндылыққа қатысты алып-қашпа пікір көбейген. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұған заңмен тиым салу керек екенін айтады.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Домбыра-харам" деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім. Біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз сонда күнаһар болғаны ма? + Сондықтан бұл жерде біз теріс діни ағымдағы жүрген, заңға қайшы , конституциямызға қайшы әрекет етіп жүрген ондай діни ағымда жүрген азаматтарға әрине заң жүзінде тиым салуымыз керек.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов мектеп оқушыларының хиджап кию мәселесіне де пікір білдірді. Ол еліміз зайырлы мемлекет, кез-келген азаматтың қандай дін ұстануы өз еркі деді. Алайда білім ошақтарын саяси немесе діни ағымдар ордасына айналдырмауымыз керек екенін айтты.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мектепті біз саяси немесе діни бір ағымдардың ордасына айналдырмауымыз керек. Ол білім ордасы. Ол жерде білім беру керек. Министрліктің заң бойынша қандай форма киюі керек стандарттары барғой. Сол стандарттарды ұстану керек. Балалар өздері кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін олар өздері таңдайды қандай жолмен жүреміз.