Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайда тайфуннан кейін 75 қолтырауын фермадан қашып кетті

AstanaTV
13.09.2023ж. 17:30
633
Қытайда тайфуннан кейін 75 қолтырауын фермадан қашып кетті

Қытайдың оңтүстік аймағында Хайкуй тайфуны салдарынан болған су басу кезінде фермадан 75 қолтырауын қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік басылымдардың мәліметінше 8 қолтырауынды ғана ұстау мүмкін болған. Кейбірін тірідей ұстаса, кейбірін қауіпсіздік үшін атып тастаған.

Қолтырауындар фермаға жақын орналасқан көл арнасынан асқан кезде қашып кеткен. Қазір өзге қосмекенділер су қоймаларының астында жасырынуы мүмкін. Құтқарушылар қолтырауындарды табу үшін гидролоакция құрылғыларын пайдаланып жатыр.

Жақын маңдағы ауыл тұрғындарына үйден шықпау туралы ескертпе берілген. Фермадан қашқан сиам қолтырауындарының 69-ы үлкен болса, 6-ы кішкентай екен.

Жануарларды ұстауға қатысқан өрт сөндірушілердің бірі қолтырауындардың орташа салмағы 75 келі, ал ұсындығы 2 метр екенін айтқан.

Айта кетері, Маомин қаласында бірнеше қолтырауын фермасы бар. Оларды еті және терісі үшін өсіреді.