$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Бақыттымын": блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа көлік сыйлады

AstanaTV
14.09.2023ж. 09:54
864
"Бақыттымын": блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа көлік сыйлады

Жақында шаңырақ көтерген блогер Zheka Fatbelly қайын атасы тарту еткен су жаңа көлігін көрсетті. Бұл жайлы Жеңіс Омаров Instagram парақшасында жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Папам, яғни қайын атамнан сыйлық. Бұл жазбам көлік немесе сыйлық, мақтану жайлы емес. Бұл жазбам 17 жасында әкесінен айырылған кішкентай Жеканың сезімі жайлы болмақ. Әкем өмірден өткенде мен үшін алға қадам басу өте қиын болды. Алланың қалауымен бәрін өз қолыма алдым. Мен 26 жасқа келгенде қайтадан әкелі болдым. Құдай мені ешқашан жетім қалдырған емес. Бұл сезімнің қандай екенін енді түсіндім. Өзімді ерке жасөспірім сезінудемін. Біздің отбасымыз үлкейді, бақыттымын", - деп жазды блогер.