Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысының тұрғыны 79 жастағы кейуананың үйіне бас-көктеп кіріп, зорлық көрсетпекші болды

14.09.2023ж. 20:00
596
Алматы облысының тұрғыны 79 жастағы кейуананың үйіне бас-көктеп кіріп, зорлық көрсетпекші болды

79 жастағы кейуана соққыға жығылды. Алматының облысы Еңбекші қазақ ауданында 18 жастағы жігіт қарияның үйіне баса-көктеп кіріп, зорлық көрсетпекші болған. Зейнет жасындағы әйелді өлім аузынан көршілері аман алып қалған көрінеді. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Әйкерім Пернебек сұмдық жағдайды басынан кешкен отбасымен тілдесті.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қарақшы теріс пиғылын жүзеге асыру үшін түн қойнауында, қара түнек жамылып келген. Есіктегі темір құлыпты жұлып, үйге баса көктеп кірген. 79 жастағы жалғызілікті кейуананы кіре сала тұншықтыра бастаған.

Кейуаның айтуынша ол қызымен телефон арқылы сөйлесіп жатқан сәтте қоршаудан сығалап тұрған күдіктіні байқап қалған. Белгісіз жігіт оған түрлі әдепсіз сөз айтып, балағаттаған.

Людмилла ТРОФИМОВНА, ТҰРҒЫН:

Айқайласаң сені өлтіремін деп тұншықтыра бастады. Өте алып, денелі жігіт. Кеудемнен, басымнан ұрды, жерге құлап түстім. Бір кезде жібергендей болды, бар күшім қоршаудың сыртына дейін жүгіріп шығуға ғана жетті. Әп сәтте қуып жетіп қылқындырып тас жерге жығып, бар күшімен үстімнен төніп зорлығын іске асырмақшы болды. Жылап, тиіспеуін өтіндім. Әлім жетпейтінін түсінсем де итере бердім. Бір сәтте көліктің жарығы бетіме түсіп, көршілерімді көрдім.

Оқиға орын алар сәтте кейуана басқа қалада тұратын қызымен телефон арқылы сөйлесіп отырған.

ҚЫЗЫ:

Жігіт анама балағат сөздерді айқайлай бастағанда мен байланыста едім, анамның айқайын естідім. Біраз сәттен кейін қоңырау үзіліп, тұтқа құлап қалғандай болды. Қатты алаңдадым. Бірден көршілерге хабарластым. Анамды келесі күні ғана көргенде қандай жағдайда болғанын айтып жеткізе алмаймын. Бет- аузында сау жер жоқ. 2 апта орнынан қозғала алмады. Қазір денсаулығы нашарлап, миы зақымданған. Ал қылмыс жасаған баланы жібере салды, біз күнде қорқынышта отырамыз. Қылмыскерге әділ жаза тағайындасын деймін.

Куәгерлердің сөзінше тәртіп сақшылары оқиға орнына өте кеш жеткен. Қазіргі таңда іс жүріп жатыр. Сұмдық оқиғаны басынан кешкен отбасы қазір заңгердің көмегіне мұқтаж, алайда бірнеше маман қатарынан бұл істен бас тартыпты.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек ҚР ҚК 149-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 2005 жылғы Т. есімді азаматты анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде осы оқиғаның барлық мән-жайларын объективті, толық және жан-жақты зерттеу үшін сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыс “тұрғынжайға заңсыз басып кiру” бабы бойынша ғана қозғалған. Зардап шеккен кейуананың отбасы іске зорлау әрекеттері және ұрып-соғу дерегін қосуды талап етеді.