Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында үш бірдей ауыл халқы мал жаятын жер таппай отыр

14.09.2023ж. 20:00
622
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында үш бірдей ауыл халқы мал жаятын жер таппай отыр

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында үш бірдей ауылдың халқы мал жаятын жер таппай отыр. Айтуларынша, жайылым жерді аудандағы ықпалды кәсіпкер алып қойған. Ал қолында құжаты бар шаруа мал бағып жүрген жерінің қалай өзгеге өтіп кеткенін түсінбейді. Тараптарды әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдады.

Әтейхан Доға осыдан 16 жыл бұрын 1 мың гектар жер алған. Ауданда жер жетпегендіктен, ол жерге өзге ауылдастары да төрт түлігін өргізген. Алайда, бір-ақ, күнде жердің жаңа қожайыны пайда болып, жайылым жерді жыртып тастапты.

Әтейхан ДОҒАЛ, АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сонда маған 100 гектар да жер қалған жоқ. Сонда құжатты қалай жасап бергенін білмеймін. Мынау заңды құжат деп жазып қолыма берген. 49 жыл деп. Әкімнің қолы бәрі жазылған. Қарапайым халық зардап шегіп тұр. Жерімді бірақ жыртып тастады.

Жерді жалға алған кәсіпкер тұрғындарды бұл маңға жолатпай қойған. Енді жұрт азын аулақ малын қайда апарып бағарын білмей отыр.

Мейрам ИМАШЕВ, МҮТКЕНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 Жем болса қымбат, шөп болса қымбат. Малымызды күзде семіртіп алайық десек оған да мүмкіндік беріп жатқан жоқ.

Бақыт СӘМЕК, АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Егінге барса, штраф. Жолға шықса, штраф. Енді қайда барып күн көреді мына қарапайым халық. Қиын болып тұр. Көбі қазір қорада ұстап отыр малын.

Аудан әкімі 1200 гектар жердің кәсіпкерге заңды түрде берілгенін айтады.

Қаршыға АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осы жер аукцион арқылы заң бойынша алды біздің қожайын Филипин Анатолий Владимирович. 3800 гектар иә. Мен қазір ойлаймын, осы жерде спор бар. Заң бойынша шешім болады.

Биыл қуаңшылықтан өңірде мал бағу қиындап кетті. Бұл шаруаларға жығылған үстіне жұдырық болып тұр.«Жер аманаты» жобасы бойынша өңірде 167 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.