Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«AMANAT» партиясы шаруаларға көмектеседі

14.09.2023ж. 20:00
503
«AMANAT» партиясы шаруаларға көмектеседі

Мал жаятын жер жоқ. Осылай деген Ақмола облысы Есіл ауданының шаруалары әділдік іздеп Астанаға келді. Олардың мәселесі 7 жылдан бері шешімін таппай келеді. Айтуларынша, жылда жер конкурсын мыңдаған гектар жайылымы бар азаматтар жеңіп алады. Ал, шын мұқтаждарға алақандай жайылым да бұйырмайды. Мәселен, Ербол Хамзинның 130 бас жылқысы бар. Жайылымы болмағаннан кейін, амал жоқ, малдарын үй іргесінде бағуға мәжбүр. Оны полицейлер көрсе, бірден айыппұл салады – дейді.

Ербол ХАМЗИН, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қанша адам Есілде ала алмай жүр. Не малын баға алмай, не жем-шөбін дайындай алмай. Соңғы кезде адамдар даже конкурсқа қатыспай қойды. Потому что олар біледі, оларға бермиейтінін. Кімнің танысы бар, кімнің тамыры бар, солар әкетіп жатыр.

60 шақты шаруа осыған дейін мәселелерін арқалап талай табалдырықты тоздырған. Амалы таусылғаннан кейін «Амаnат» партиясынан көмек сұрап келді. «Жер аманаты» комиссиясы келесі апта тиісті мәселеге қатысты тексерісті бастайтындарын айтты. Былтыр ғана құрылған партиялық жоба осыған дейін ел бойынша 8 миллионнан аса жер телімін қайтарған.

Ардан АРАЛБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Жер аманаты» комиссиясын құрып, сол Есіл ауданына барып, құзырлы органдармен облыстық тексеру жұмыстарын жүргізіп, кейіннен шешімін айтамыз.