$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Тірлік істеп отыратын қыз емес": әнші Ayree өзіне айтылған сынға жауап берді

AstanaTV
15.09.2023ж. 10:55
828
"Тірлік істеп отыратын қыз емес": әнші Ayree өзіне айтылған сынға жауап берді

Көпшілікке Ayree есімімен танымал әнші Әйгерім Рақышева әлеуметтік желіде өзіне айтылған сын жайлы айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында белгісіз адамға жауап беріп, өзінің үй тірлігіне белсенді еместігін мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен жайлы "Үйде тірлік істеп отыратын қыз емес" депті. Келісем. Бұл өмірге Ayree көшбасшылық қабілетпен келгендіктен, лидер бола алатындай тұлға. Өз өміріне жауапкершілік алып, басқаларды басқара алатындай дәрежеге жетуі керек болады. Негізі ойын тіке айтатын, еш арам ойы жоқ адам. Ayree үйде тірлік істеп отыратын қыз емес. Ол үшін үй шаруасы қиынға соғады", - деп жазды Ayree Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, жан сырын ақтарды. Сонымен қатар әнші 12 жастағы ұлының жүріп кетуі үшін бәрін жасайтынын жеткізген болатын.