Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті

AstanaTV
15.09.2023ж. 14:29
600
Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті

Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп мұғалімдеріне сағат 11:14-те жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер бірден келді.

Полицейлер мектеп аумағын қоршауға алып, 400-ден астам адам эвакуациялады, оның 333-ы оқушы. Жетісу облысы ПД-нің саперлар тобы, қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар ғимаратты және оның маңайын тексеріп шықты. Тексеру кезінде жарылғыш заттар табылмады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.