Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Диана ханшайымның қойдың суреті бар жемпірі 1,14 миллион долларға сатылды

AstanaTV
15.09.2023ж. 17:51
631
Диана ханшайымның қойдың суреті бар жемпірі 1,14 миллион долларға сатылды

Марқұм Диана ханшайымның қойлар бейнеленген жемпірі Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында 1,14 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Аукционды ұйымдастырушылар бастапқыда британдық ханшайымның жемпірін 50-80 мың долларға бағалаған. Жемпір сырттай сауда-саттыққа 31 тамыз күні шығарылған және аукционның соңғы минуттарына дейін ұсынылған ең жоғары баға 200 000 доллар болған. Алайда аукционның соңына таман сатып алушылардың бірі — бес жарым есе көп соманы ұсынған. Sotheby’s жомарт жанның есімін құпия қалдырып отыр. Айта кетейік, бір қара және бірнеше ақ қой бейнеленген қызыл жемпірді марқұм Диана ханшайым 1981 жылы киген. Диана ол кезде әлі ханшайым емес, тек Чарльз ханзаданың қалыңдығы еді. Sotheby's-дың жазуынша, жемпір биыл наурыз айында шатырдан табылып, оны сатуға шешім қабылданған. Нәтижесінде бұл жемпір Диананың осыған дейін аукционға қойылған заттарына қарағанда көбірек табыс әкелген. Мысалы, оның Ford Escort көлігі былтыр 806 мың долларға сатылса, аметисттермен және гауһар тастармен көмкерілген "Аттала кресті" осы жылдың басында 203 мың долларға сатылған. Кресті әйгілі америкалық жұлдыз Ким Кардашьян сатып алған.