Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді бастайды

AstanaTV
15.09.2023ж. 19:16
406
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді бастайды

Бүгін түнде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерланд құрамасымен кездеседі. Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. 

Қазақстан және Нидерландтан бөлек "А" тобында Әзербайжан және Румыния құрамалары бар. Отандастарымыз келесі ойынын 20 қыркүйек күні Алматыда Румынияға қарсы өткізеді. 

Әлем чемпионатының електік кезеңі бірнеше іріктеуден тұрады. Қазақстан іріктеуді негізгі раундтан (екінші кезең) бастады. Элиталық кезеңге Словения және Черногория құрамалары бар топтан бірінші болып шықты. 

Бұл кезеңде топта бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған құраманың қосымша ойындар арқылы жолдамаға қол жеткізуіне мүмкіндік бар.