Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада бірнеше көше учаскесі уақытша жабылады

AstanaTV
16.09.2023ж. 10:53
523
Астанада бірнеше көше учаскесі уақытша жабылады

Астанада Қошқарбаев көшесі учаскелері мен Сығанақ пен Анет баба көшелерінің қиылысы жол-құрылыс жұмысына байланысты бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қошқарбаев даңғылының оң жағындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 16-18 қыркүйек аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс екі бағытта да сол жақта жүзеге асырылады.

Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жұмысы да жүзеге асырылып жатыр.

Осыған байланысты 15-16 қыркүйек күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.