Әлеуметтік желіде 11 қызы анасын туған күнімен құттықтап келген ерекше видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны әлеуметтік желіде Сәуле Бикитеева жариялады.
"11 қызы анасын туған күнімен құттықтап келді. Қандай керемет. Осындай қыздарды тәрбиелеген ана бақытты шығар. Осылай аналары қастарында аман-сау жүрген қыздары да бақытты шығар! Аналар аман болсын!" - делінген видеода.
Кадрлардан балалары анасына құшақ-құшақ гүлмен келіп, қуантып тастағаны көрінеді.
Желі қолданушылары анасы мен қыздарына ұзақ ғұмыр тілеп, ізгі тілектерін жазған.
"Денсаулығы мықты болып, балаларының қызықтарын көріп жүре берсін!", "Керемет! Міне нағыз алтын құрсақты ана, етегінен мөр тамған. Аман болсын!", "қандай керемет, тамаша, 11 қызы бар", "Керемет. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды олар.