Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған баспаналарын сатып ала алады

AstanaTV
16.09.2023ж. 22:45
575
Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған баспаналарын сатып ала алады

Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алу құқығынсыз жалға алынған тұрғын үйлерді сатып ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет тиісті заң жобасы бойынша оң қорытынды шығарды.

"Үкімет "сатып алу құқығынсыз" деген ұғымды жойып, тұрғындарға жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік берді. Бірақ жекешелендірудің өзіндік шарттары бар. Қалдық құны бойынша және нарықтық құн бойынша сату нұсқалары қарастырылды. Әлбетте, ол нарықтық баға бойынша болмайды. Қалдық құны бойынша болады. Қазір жекешелендіру түрлері қарастырылуда. Заң қабылданбайынша мен нақты түсініктеме бере алмаймын, бірақ жекешелендіру болады", – деді Астана қалалық тұрғын үй басқармасы және тұрғын үй инспекциясының басшысы Әнуар Саипов.

Оның айтуынша, қазір Астанада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз 5 мыңға жуық жалдамалы пәтер бар.

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде 46 мың азамат тұр. Бұл көп балалы отбасылар, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары, сондай-ақ жалғыз баспанасы қауіпті деп танылған азаматтар.