Қызылжардағы
әйелдер колониясында көшпелі көрме жұмысын бастады. Онда ел тарихынан сыр
шертетін суреттер мен құжаттар қойылған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
көрме 3 бөлімнен тұрады. Еліміздің қалыптаса бастаған кезеңдерін қамтитын
материалдар, тұңғыш президент сайлауын бейнелеген суреттер мен ұлттық теңгенің
алғашқы үлгілері орын алған.
Жәдігерлер арасында Солтүстік Қазақстан өңірінің
тыныс-тіршілігін айшықтайтын фотолар да бар. Көрмедегі бас аяғы 60-қа жуық
материалдың дені облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан әкелінген. Темір торға
тоғытылғандар бос уақытында келіп, ел тарихымен танысуға мүмкіндік алады,-
дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде мұнда 164 әйел жазасын өтеп жатыр.
Тамара
Прокофьева, ЕС 164/6 түзету мекемесі тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің
басшысы:
Біз
бұл шараны сотталғандардың патриоттық сезімін ояту, елге деген сүйіспеншілігін
арттыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Жазасын өтеп жатқан әр азамат туған
елінің тарихын білуі қажет. Жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының арқасында
бұл тәрбиелік жұмыс ойдағыдай іске асырылды.