Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ер адам қыздарымен жыныстық қатынасқа түсіп, дүниеге келген нәрестелерді өлтіріп отырған

AstanaTV
18.09.2023ж. 11:14
705
Ер адам қыздарымен жыныстық қатынасқа түсіп, дүниеге келген нәрестелерді өлтіріп отырған

Польшада қыздарымен жыныстық қатынасқа түсіп, дүниеге келген ортақ сәбилерін өлтірді деген күдікпен көп балалы әке ұсталды. Сондай-ақ полиция ер адамның 20 жастағы қызын да қамауға алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Rmf24.pl сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурор Мариуш Душинскийдің сөзінше, прокуратура 54 жастағы Пьотр Г. мен 20 жастағы қызы Паулинаны уақытша қамау туралы өтініш жолдаған. 54 жастағы ер адам екі қызымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінсе, қызы инцест және кісі өлтіру баптары бойынша күдікті деп танылған.

20 жастағы Паулина әкесі және ағасымен бірге тұрған. Қыздың жүкті болғанымен, сәбиінің жоғалып кеткені жайлы хабар түскен соң полиция иттерді және 3D сканерді қолданып, үйде тінту жүргізді.

Тінту барысында жұма күні үйдің жертөлесінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылыпты. Дәл сол күні екінші сәбидің, ал сенбіде үшінші сәбидің мәйіті табылған. Сәбилерді полиэтилен пакетке орап көміп тастаған.

Нәрестелердің өліміне қатысты полиция Пьотр Г. мен оның қызын ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша сәбилер ер адам мен оның қыздарінікі болуы мүмкін.

Көп балалы әкеге 5 айып тағылған. Оның ішінде 3-і жаңа туған сәбиді өлтіру дерегіне қатысты, ал 2-і қыздарын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу дерегі бойынша. Ал Паулинаға тағылған айыптың 2-і сәбиді өлтіруге қатысты, 1-і инцест дерегіне қатысты.

Пьотр Г.-ның көршілері бұл үйде қылмыс болуы мүмкін екенінен күдіктенсе де, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Себебі тұрғындар ер адамнан қорқады екен.

"Ол ешқашан жұмыс істемейтін. Балаларының және әлеуметтік көмектің есебінен өмір сүреді", – деді көршісі.

Көршісінің сөзінше, 2008 жылы әйелі өлген соң Пьотр 12 баласымен қалған.