Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қытай Тайваньға 103 әскери ұшақ жіберді

AstanaTV
18.09.2023ж. 16:34
614
Қытай Тайваньға 103 әскери ұшақ жіберді

"17-18 қыркүйек аралығында Тайвань аймағына 103 PLA ұшағы мен тоғыз PLA кемесі жақындағаны айтылды. Анықталған ұшақтардың 40-ы Тайвань бұғазының орта сызығын кесіп өтіп, Тайванның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймақтарына кірді", - деп хабарлайды stan.kz.

Әскери департамент Тайвань қарулы күштері Қытай күштерінің қозғалысын бақылап отырғанын, ұшақтар мен әскери кемелер дайындыққа қойылғанын атап өтті.

"ҚКП армиясының жалғасып жатқан әскери әрекеттері шиеленістің күшеюіне, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің нашарлауына әкелуі мүмкін. Біз Пекинді біржақты деструктивті әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырамыз", – деді Тайвань қорғаныс министрлігі.

Тайвань билігі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси өткен жылдың тамызында Тайваньға барғаннан бері Қытай әскерлерінің аралға жақындағаны туралы үнемі хабарлап келеді. Қытай тарапы Тайваньды өз территориясы деп санайды. Сондықтан басқа елдердің ресми тұлғаларының сапарларын оның тәуелсіздігін қолдау ретінде қарастырады.

19 тамызда Қытай әскері "сепаратистер мен шетелдік күштер" арасындағы "келіссөзге" байланысты "қатаң ескерту" ретінде Тайвань төңірегінде жаттығуларын бастады. Бұған аралдың президенттігіне үміткер вице-президент Лай Циндэнің Парагвайға сапары кезінде мәлімдемесі, содан кейін транзитпен АҚШ-қа барғандығы себеп болды.

"Тайвань қазірдің өзінде Қытай Республикасы деп аталатын егемен, тәуелсіз ел. Ол Қытай Халық Республикасының құрамына кірмейді. Қытай Республикасы мен Қытай бір-біріне бағынбайды. Тәуелсіздікті жариялаудың қажеті жоқ", - деді Лай.