$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оралда жол апатынан бір отбасының алты адамы түгел қаза тапты

18.09.2023ж. 20:00
842
Оралда жол апатынан бір отбасының алты адамы түгел қаза тапты

Оралда жол апатынан қаза тапқан алты жолаушы- бір отбасының адамы. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен мәлімдеді. Ауыр жүк көлігіне соғылған жеңіл мәшиненің сау-тамтығы қалмаған. Көлік ішіндегі ерлі-зайыпты мен төрт баласы сол жерде көз жұмыпты. Ішінде бір жарым жастан асқан сәби де бар. Туыстарының айтуынша, олар қалада қонақта болып, ауылға келе жатқанда апатқа ұшыраған. Отбасының бір ұлы аман қалды. Ол бұл кезде қалада болған. Апатқа түскен жүк көлігі жүргізушісінің де қабырғасы сынып, түрлі жарақат алыпты. Қазір ол ауруханада. Ал қираған техникадағы тауар басқа көлікке тиеліп, оқиға орны тазартылып жатыр.

Жанболат ЖАНШИН, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

"DAF" автокөлігінің жүргізушісімен сөйлестім. Сол кезде ол айтады: автокөлік келе жатты алдымнан, маған қарсы шықты. Мен сигнал бердім, моргайттадым. Бірақ жүргізуші маған ешқандай көңіл бөлген жоқ, - дейді. "Лада" автокөлігінің тежегішті басқан іздері қалған жоқ. Біздің тұжырымымыз бойынша иә ұйықтап кетті ме, иә тағы бірдеме болды.