Елімізде зейнетақы көлемі 14 теңгеге өсті. Бұған дейін зейнеткерлер орташа 120 923 теңге алса, енді ол 120 937 теңгеге көтерілді. Жыл басынан бері бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалыққа – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды. Жалпы Қазақстанда 2 миллион 305 мың зейнеткер тұрады. Ал, еңбек қабілетінен айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 45 654 теңге болып бекітілді. Мұндай көмекті 538 мың адам алады. Асыраушысынан айырылған азаматтарға 50 012 теңге беріледі. Олардың саны – 186 мың.