Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда екі жылда 152 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген

18.09.2023ж. 20:00
967
Атырауда екі жылда 152 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген

Атырауда арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорыннан төгілген өндірістік қалдық суды «KUS» компаниясы әлі күнге құрғатпай отыр. Компания техникалық суды толық тазартып, кері пайдалануға жіберуі тиіс еді. Экология департаменті биыл 31 шілдеге дейін тазалауға нұсқама берген.Бірақ, оны әлі күнге дейін орындамаған. Аймақ жұртшылығы лас су табиғатқа залалы тиеді деп алаңдаған аумаққа «AMANAT» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері барды. 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы техникалық су төгіліп, жасанды көлге айналған. «AMANAT» партиясынан сайланған мәжіліс депутаттар бұл жайтты бақылауға ұстаймыз,- деді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РҚК ТӨРАҒАСЫ:

Мамандармен сөйлестік. Экологтардың өздерімен сөйлестік. Судың тазалығына үлкен күмән бар. Сондықтан бұл мәселені Парламентте көтеретін боламыз. Егер қажет болатын болса, ауыл азаматтарының бәрімен ақылдастық экологиялық нормаларға белгілі бір өзгерістер кіргізуге де біз қазір ұсыныс дайындауға дайынбыз.

Сондай-ақ өңірде, республикалық кеңестің көшпелі жиыны өтті. Облыс аумағында 2021 жылдан бері 152 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Оның негізгі бөлігі - пара беру, бюджет қаржысын талан-таражға салу, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану. Кеңес отырысының қорытындысымен бірнеше лауазымды тұлғаға партиялық сөгіс беріліп, жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РҚК ТӨРАҒАСЫ:

Бұл - өте маңызды мәселе. Әрбір өңірде корупцияға қарсы іс-қимылдың профилактика мәселелеріне көңіл аударуымыз қажет. Енді бұл жерде құқық қорғау органдары міндетті түрде көмектесетін болады. Енді осы жұмысты әрі қарай алып кетуді, жүйелі атқаруды осы жақта белгілі бір моделін жасау керек. Бізден қандай көмек керек, біз көмекті жасаймыз.