Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясының бағдарламалары ауыл-аймақтың дамуына сеп болуда

«AMANAT» партиясының бағдарламалары ауыл-аймақтың дамуына сеп болуда

Бүгінде ауыл-аймақтың дамуына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Шалғай елдімекендердің әл-ауқатын арттыру мақсатында бірнеше бағдарлама жасалды. Ауыл әкімдерін де халық өзі сайлауға мүмкіндік алды. Мұндай бастамалардың нәтижесі қандай? Тұрғындар пікірін тыңдап келген тілшіміз тарқатады.

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде 11 мыңнан аса халық тұрады. Кенттің спорт саласында ауыз толтырып айтар жетістігі бар. Алайда аудандағы жалғыз спорт клубы 50 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген. Соның салдарынан балалар әр жерде жаттығуға мәжбүр.

Диас ӘЛЖАНОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жекпе-жек залы болмайтын. Бокс залы, күрес залы деген жоқ тұғын. Қазір күрделі жөндеуден кейін сол берілетін болады. Залымыз да нашар тұғын. Соған байланысты өзімізде кент орталығында спорт мектептері бар. Сол алаңда волейбол-баскетбол сол жақта болатын тұғын.

Бұл мәселе шешімін табуда. Қазан айында 800-ге жуық бала заман талабына сай спорт клубында жаттығатын болады. Нысанға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 88 млн теңге қаржы бөлінген. Кентте бұдан да өзге жүйелі жұмыстар жасалуда. Кент әкімін былтыр халық өзі сайлаған.

Ержан БАҚТИЯРОВ, ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

«Ауыл ел бесігімен» 12 көшеге 2023 жылға қаржыландыру бөлінді. 433 млн-ға. Енді бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары барлығы жүріп жатыр. Қосымша 15 көшеге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп қойдық. «Нұрлы жер» бағдарламасы бар. Осылардың аясында Тереңөзек кентінде көпбалаларға арналған тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған үйлер қазан айының аяғына дейін толық бітіп, пайдалануға беріледі.

Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев ауылының да ажары айшықталуда. 4 мыңнан аса халқы бар ауылда демеушілік есебінен 250 орындық спорт кешені салынуда. Тұрғындар ауылдың өркендеп келе жатқанына дән риза.

Өркен ӘЛЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Көшеміздің барлығы жол салынып, барлығы асфальттанып, өмірдің соңғы несіне әдемілеп салынып жатыр. көшелерімізде жарық бар түнде. 80 проценттей ауылымызға жол салынды. Ауылымызға ойын алаңы салынды. Жас жеткіншектер осыған ойнайды. Жақсы өркендеп, жақсы дамып келе жатыр ауылымыз, Құдайға шүкір. Заманның, замауи өсіміне байланысты.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Тұрғындар ауыл әкімі үнемі елдің ортасынан табылатынын айтты. Соның нәтижесінде ауқымды жұмыстар жасалуда.

Ержан ОРАЛБЕК, ИІРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Мемлекеттік сатып алу бойынша Жансейіт елді мекеніне бір трасформатор мен 1 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Сессидан тағы да шағын спорт алыңа мен балалар ойын алаңын салу жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 4 жобамыз өтіп отыр. енді қаржысын күтіп отырмыз.

Тұрғындар ауыл әкімдерінің халықпен жиі қоғамдық қабылдаулар өткізетінін айтты. Ал онда айтылған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр дейді. Сондықтан да болар ауылдардың ажары айшықталуда.