Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай мерейтойлық кеш өтті

18.09.2023ж. 20:00
628
Қазақстанда Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай мерейтойлық кеш өтті

Биыл- еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай спортшылардың қатысуымен Астанада мерекелік кеш өтті. Онда спорт ардагерлері, бапкерлер, танымал спортшылар мерейтойлық медальмен марапатталады. Оларды Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах онлайн құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Томас БАХ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінгі мерейтой – сіздер үшін ғана емес, біздің барлық Олимпиалық отбасымыз үшін маңызды оқиға. Олимпиалық құндылықтарды – бейбітшілік пен ынтымақтастықты дамытуда Халықаралық Олимпиадалық комитеті сіздерге қашанда қолдау танытатынына кәміл сенімді болыңыздар дегім келеді. 79 олимпиада медалін тарту еткен спортшыларыңыздың жоғары жетістігі - ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. Бұл -мақтануға тұрарлық жетістіктер! 

Қазақстан тәуелсіздік алғалы 7 жазғы, 8 қысқы Олимпиадаға қатысты. Сол байрақты бәсекелерде 79 медальға қол жеткізді. 15 рет алтын жүлде жеңіп, көк туымызды көкте желбіретіп, әнұран шырқатты. Сондай-ақ 24 күміс, 40 қола медаль қанжығалаған. Қазақстан Олимпиадалық қозғалысы бұқаралық спорттың дамуына да зор үлес қосып келеді. Алда Париж Олимпиадасы күтіп тұр. 

Серік СӘПИЕВ, БОКСШЫ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Мен барлық спортшыларды 30 жылдығымен шын жүрегіммен құттықтаймын! Қазақ спорты жасасың. Алдағы уақытта Азия ойындары бар. Келесі жылы Париждегі олимпиада болады. Біздің Қазақ спортына сенеміз. Парижден көп медальдар алып келсін.