$459.75 €494.14 ₽5.54
×

Таразда жалған ақпарат таратқан оқушылардың ата-анасы 17 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді

AstanaTV
18.09.2023ж. 21:45
712
Таразда жалған ақпарат таратқан оқушылардың ата-анасы 17 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді

Таразда мектепті жарып жібереміз деп жалған ақпарат таратқан екі оқушының ата-анасы 17 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Телеарна мәліметінше, екі оқушы "10 миллион теңге алмасақ мектепті жарып жібереміз" деп түнгі уақытта облыстық Білім басқармасының Telegram-ботына хабарлама қалдырған. Қаладағы №51 мектепте жарылыс болуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін барлық құзырлы орган мектептің жан-жағын жіті тексерген. Ақыры ештеңе табылмаған.

Артынша 8-сыныптың екі оқушысы сабақты болдырмау үшін осындай әрекетке барғаны анықталған. Оқушылар жалған хабарлама таратқанын мойындаған. Енді осы үшін олардың ата-анасы жауапқа тартылмақ. Оқушылардың ата-анасы 17 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталған.