Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жезқазғанда жанжал кезінде ер адам досын пышақтап өлтірген

AstanaTV
19.09.2023ж. 09:12
495
Жезқазғанда жанжал кезінде ер адам досын пышақтап өлтірген

Жезқазғанда екі достың кездесуі жанжалмен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық дәмханалардың бірінде азаматтар арасында жанжал туындаған. Көшеде күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ сұғып, кейін қашып кеткен. Қылмыстық қару тәркіленді.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.