Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында 12 әлеуметтік нысан жылу маусымына дайын емес

19.09.2023ж. 20:00
616
Ақтөбе облысында 12  әлеуметтік нысан жылу маусымына дайын емес

Ақтөбе облысында екі бірдей білім ордасы жылу беру маусымына дайын емес. Ол - Шалқар ауданындағы Әліби Жангельдин және Үргенішбаев атындағы орта мектептер. 1936 жылы салынған Үргенішбаев атындағы орта мектеп ғимараты соңғы рет 2015 жылы жөнделген. Қазір білім ордасында ішкі әрлеу , қасбеті мен шатырды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда оқитын балалар уақытша басқа мектептерге ауыстырылды.

Артур ӘУЕЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шалқар ауданындағы Үргенішбаев атындағы және Әліби Жангельдин атындағы орта мектептерде күрделі жөңдеу жұмыстары алпыс пайызға аяқталып тұр. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жылыту жүйесін жүргізіп жатыр. Олар 1 қазанда бітеді деп жоспарланып отыр.

Жылу маусымында дайын емес нысандардың қалғаны денсаулық сақтау саласына тиесілі. Өңірде 341 денсаулық сақтау нысаны бар. Соның 41-іне гидравикалық сынақтар жүргізіліп жатыр. Дайындық паспорттары осы айдың соңына дейін әзір болады дейді жауаптылар.

Ержан МҰЗДЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға отын қоры 100 пайыз тасылды. Дизель отыны да, көмір отыны да толығымен.Халыққа қажетті 22 мың тонна көмір отынының қазір 11 тоннасы яғни елу пайызы тасылып отыр. Қазіргі таңда біз орта есеппен 96 пайызға дайынбыз. Бірінші қазанға дейін толық дайын боламыз.