Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа деген құлшынысын арттырады деп сенемін", - Президент

19.09.2023ж. 20:00
465
"Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа деген құлшынысын арттырады деп сенемін", - Президент

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Белградта өткен дүбірлі додада батырымыз 92 келі салмақта бақ сынады. Финалға дейін үш қарсыласынан жалпы 32:4 есебімен басым түсті. Жауырыны жерге тимеген жерлесімізді Мемлекет басшысы құттықтады. «Бұл-тарихи жетістік! Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа деген құлшынысын арттырады деп сенемін», - деді Президент.