Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Енді автокөліктер үшін жеңілдетілген несие берілмейді

19.09.2023ж. 20:00
491
Енді автокөліктер үшін жеңілдетілген несие берілмейді

Енді автокөліктер үшін жеңілдетілген несие берілмейді. Жиналған қаражат қоғамдық көлік алуға жұмсалмақ. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ұстаным өзгермейді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді.

Қанат ШАРЛАПАЕВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Біздің ендігі ұстанымымыз қоғамдық көліктерге басымдық беру. Себебі жеке көліктер емес, қоғамдық көліктерге сұраныс жоғары. Оны пайдаланушыларда көп. Сондықтанда біз бірінші орында қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.