$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында шаруалар 2 мың гектар орманды заңсыз иемденіп алған

AstanaTV
20.09.2023ж. 12:18
570
Қостанай облысында шаруалар 2 мың гектар орманды заңсыз иемденіп алған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы жер заңнамасының бұзылуының жолын кесті. Шаруа қожалығы кадастрлық құны 30,5 млн теңге болатын орман алқабын пайдалану үшін заңсыз алмақ болған.

Аудандық прокуратураның 20 қыркүйек күні таратқан мәліметі бойынша, 2019 жылы "Михайлов орман шаруашылығы мекемесі" КММ мен "С.П. Жулёва" шаруа қожалығы арасында ауданы 2 201,9 га мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жасалды.

2021 жылдың наурызыңда "С.П. Жулёва" ШҚ өз шешімімен өзінің шаруа қожалығынан "Шағатай Агро" ЖШС-не бөлу жолымен жалған қайта құруды жүргізеді, оның құрылтайшысы С.П. Жулёва да деп көрсетілген.

2021 жылдың сәуірінде Михайловск орман шаруашылығы мекемесі "Шағатай Агро" ЖШС-мен 49 жылға дейінгі мерзімге орман пайдалану құқығымен қосымша келісім жасасады.

Кадастрлық құны 30,5 млн.теңге болатын 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы негізсіз иеліктен шығарудың алдын алған қадағалау актісін енгізді.