Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«AMANAT» партиясы ұйытқы болуымен жоспардың 90 пайызын орындадық", - ауыл әкімі

«AMANAT» партиясы ұйытқы болуымен жоспардың 90 пайызын орындадық", - ауыл әкімі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жыл соңына дейін 330 азаматқа инфрақұрылым тартылған жер телімі беріледі. Боралдай ауылдық округінің жолы жөнделді, көшесі жарықтандырылды. Газ бен ауыз су желісі тартылды. Ауылдағы күрмеуі қиын мәселелер «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының нәтижесінде шешімін тапты.

Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінде 62 гектар жер халыққа беруге дайын. Ауыз су, электр желісі жүргізіліп, тіпті табиғи газға дейін тартылған. Баспана салу мақсатында кезекте тұрған халыққа беріледі. Құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ауылда 2010 жылдан бері жер берілмеген.

Асылхан ТОҚТАМЫСОВ, БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда кезекте тұрған 751 азамат бар осы Боралдай ауылдық округі бойынша. Кезекте тұрған азаматтардың 80 пайызы жастар. Осы жастарды жастарға тұрғын үй мәселесін шешіп беру, жер мәселесін шешіп беру мақсатында партиямен бірлесіп жоғарғы орындардың барлығына, Парламент мәжілісінің депуттатары, сенаторлар келген кезде де кездесуде осы мәселені көтеріп, осы мәселені 2022 жылы шештік.

Асылхан Тоқтамысов – жас әкім. Бес жылдан бері әкімдік қызметте жүрген азамат былтыр желтоқсан айында халық қайта сайлады. 11 мыңнан астам халқы бар ауылдық округке «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауыз су тарту, газдандыру, жолдарды асфальттау, көше бойларын жарықтандыру сынды біршама жұмыс атқарып үлгерген. «Ауыл аманаты» жобасы аясында да жоспары анық.

Асылхан ТОҚТАМЫСОВ, БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Біздің осы ауданда төрт ауылдық округ қазіргі таңда сол пилоттық жобаға қатысып жатыр. Біздің де енді мүмкіндігіміз, халықтан сұраныс түсіп жатыр. Алдағы уақытта 2024 жылы сол ауыл аманаты жобасына кіргізетін болсақ, осы жастарды яғни шағын кәсіпкерлікті дамытып, осы жерден жұмыс орындарын ашамыз деген ойымыз бар. .

Бұл үрдіс Шардара ауданында да жалғасуда. «AMANAT» партиясының атынан халық қолдап Жаушықұм ауылдық округіне әкімі боп сайланған Нұрбақыт Нұрсейітов көп іске ұйытқы болып жүрген әкім. Жол жөндеу, газ тарту, көшелерді жарықтандыру секілді мәселелерді шешіп, инфрақұрылымды жақсартуда.

Нұрбақыт НҰРСЕЙІТОВ, ШАРДАРА АУДАНЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бағдарлама жоспарланған болатын. Осы бағдарлама орындау мақсатында бүгінгі таңда 90 пайыз бағдарламада көрсетілген жоспарлар толық орындалып, жүзеге асырылуда. Бұл да бір Аманат партиясының қолдауы. Осы Президентіміздің ауылдарға деген қамқорлығының аясында жалпы халықтың әл-ауқаты, жағдайы, тұрмыс-тіршілігі едеуір жоғарылап жатыр.

Ауылдың округте балалардың ойын алаңдары жаңартылды. Ал бұған дейін жарықтан қиналып келген Құйған елді мекенге трансформатор орнатылды. Ауылда суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бағытында да біршама іс бітіріліпті. Бұл да «AMANAT» партиясының негізгі бағыттарының бірі.