Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Өзімді таңдадым": Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні көпшіліктен жеке өміріне араласпауды сұрады

AstanaTV
20.09.2023ж. 21:22
819
"Өзімді таңдадым": Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні көпшіліктен жеке өміріне араласпауды сұрады

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын ажырасып кеткен болатын. Айдарбекованың бұрынғы келіні Жібек әлеуметтік желіде тұрмыстағы және қазіргі суретін бөлісіп, жеке өміріне араласпауды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жібек Қайратқызы Instagram парақшасында көпшілікке өзінің бұрынғы және қазіргі суретін бөліскен.

"Бір жарым жыл бұрынғы және менің қазіргі кезім. Сондықтан бұл тақырып жабық. Мен өзімді таңдадым. Тәжірибемен болса да, мен өзімнің мақсатыма жеттім. Ішкі жан тыныштығын таптым. Өз өмірімді Жаратушыға алғыспен өткізіп жатырмын. Менің жеке өмірімді өзіме қалдырыңыздар, өтініш. Бұл жерде ол жайлы айтылмайды", - деп жазды Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі.