Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысында әйел тазы итті көлігімен сүйреген

AstanaTV
21.09.2023ж. 12:28
620
Алматы облысында әйел тазы итті көлігімен сүйреген

Алматы облысындағы Байсерке – Өтеген батыр тасжолында әйел адам тазы итті көлікке байлап сүйреген. Полицейлер көлік жүргізушісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет желідегі кадрлардан скринделген

20 қыркүйек күні кешке оқиға куәгерлері Байсерке ауылының маңындағы тасжолдан көлікке байланған итті видеоға түсіріп алған. Тазы иттің табанында түрлі жарақаттар мен қан байқалған. Жануардың жол бойымен сүйретілгені көрініп тұр.

Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушісін тапты. Жүргізуші 69 жастағы әйел болған. Әйел үйіне бара жатып Байсерке ауылының жолында көлікті тоқтатқан иті бар жігітті байқағанын айтты.

"Полиция қызметкерлері иттің 42 жастағы иесін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы "ҚР-ның заңнамасында жануарларға жауаптылықпен қарау саласындағы белгіленген ережелерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп жауап берді полиция департаменті.