Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жамбыл облысында 2 жыл ішінде мемлекетке 900 миллион теңгеден аса шығын келтіргендер анықталды

AstanaTV
21.09.2023ж. 14:11
886
Жамбыл облысында 2 жыл ішінде мемлекетке 900 миллион теңгеден аса шығын келтіргендер анықталды

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде мемлекетке шығын келтіргендер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде таңқурайдың элиталық сортын отырғызуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі анықталған.

"Нәтижесінде шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағаны белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 миллион теңгеден аса шығын келтірген.

Биыл 7 сәуірде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталды.

Тергеу барысында күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.

12 қыркүйекте қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, қарау үшін сотқа жолданды. Ведомтсво басқа мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.

Е