Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

AstanaTV
21.09.2023ж. 15:58
509
Алматыда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел түрде алынған мәліметтерге сәйкес, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында жарнамалар іліп, есірткі заттарын заңсыз жарнамалап, насихаттап жүрген.

"Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен "Қарасора – 2023" іс-шарасы аясында 44 жастағы Ж. есімді ер адамды ұстады. Одан есірткі дүкенінің сілтемесі мен жазуы бар 30 брошюра табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен 205 дана осындай жапсырмалар тәркіленді. Әрбір хабарландыру үшін "жарнама ілуші" ақшалай сыйақы немесе синтетикалық есірткінің белгілі бір мөлшерін алатыны белгілі болды", - делінген хабарламада.