Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Теміртауда қазандықтар жылу маусымына дайын емес

21.09.2023ж. 20:00
463
Теміртауда қазандықтар жылу маусымына дайын емес

Теміртауда қазандықтар жылу маусымына дайын емес. 200 мыңнан астам тұрғыны бар металлургтар шаһары қыста тағы да жылусыз қалуы мүмін. Себебі екі бірдей қазандық жөнделіп бітпеген. Қазанның бірінде төрт- ақ жылыту орталығы іске қосылады. Ол энергия қалаға толық жетпейді. Проблема «Amanat» партиясы жанындағы республикалық аймақтық дамыту кеңесінің көшпелі жиынында айтылды.

Теміртауда жылу проблемасы жылдар бойы шешілмей келеді. «Amanat» партиясы жанындағы республикалық аймақтық дамыту кеңесі мүшелерінің есебінше өткен қыста әбден ескірген қазандықтар 150 күн бойы тоқтап тұрған. Тұрғындар талай рет жарықсыз, жылусыз қалды. Биыл жылу станциясында 6 пеш толығымен жөнделуі тиіс болатын. Алайда қазанның бірінде тек 4 қазандық іске қосылмақ. Қалғандары дайын емес.

Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ – МИНИСТРІ:

«Әкімшілікпен бірлесіп «АрселорМитталТеміртау»- дың 2- нші жылу электроорталығын қадағалауға алатын болады министрлік. Резерв жоқ. 7- нші қазандықты былтырғы жоспар бойынша осы қыста қосылады деп жоспарланған. Өкінішке орай оны да келесі жылға ауыстырып отыр.Сондықтан жұмыс барысында 6 қазандықпен жұмыс істейтін болады».

«Amanat» партиясы жанындағы республикалық аймақтық дамыту кеңесінің өкілдері «АрселорМитталТеміртау» Акционерлік Қоғамына қарасты қазандық басшыларынан жөндеуді тез арада аяқтауды талап етті. Өйткені шаһарда онсыз да жылу тапшы. Ол- шамамен 200 гегакалорий.

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Проблема жылу көзінде. Жылыту орталығында Екібастұздағыдай апат болуы мүмкін. Бүкіл қаладағы үй, кәріз, су құбырлары қатып қалғанын білеміз.Мәселе осылай ушығады. Бүкіл қаланы жөндеуге тура келді, мысалы. Осындай төтенше жағдай қайталанбас үшін жылыту нысандары тез арада жөнделіп іске қосылуы тиіс.

Негізі Теміртауды толық жылыту үшін 7 –іншімен қоса 8- інші қазандық керек. Алайда биыл компания барларының өзін іске қоса алмай отыр. Сондықтан қыстан тоңбай шығу мүмкін емес деген облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин жағдай бақылауда екенін айтты.

Вадим БАСИН, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Проблема болуы әбден мүмкін. 100 пайыз сенім жоқ. Биыл әрине жылу жүйесінің ең ескірген жерлерін ауыстырдық. Бұл да септігін тигізуі мүмкін. Барынша тұрғындарды тоңдырмауға тырысамыз.

Жалпы елімізде жылу маусымына 10 аймақ толық дайындалып үлгермеген. Олар- Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы. Ондағы жағдай да депутаттардың бақылауында болады.