$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

AstanaTV
21.09.2023ж. 19:42
1414
Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.