Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағандыда студенттер жанжалдасып, салдарынан бір жігіт пышақ жарақатын алған

AstanaTV
21.09.2023ж. 23:27
2948
Қарағандыда студенттер жанжалдасып, салдарынан бір жігіт пышақ жарақатын алған

21 қыркүйекте Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде студенттер арасында жанжал болды. Кенеттен туындаған жанжал салдарынан 19 жастағы жігіт пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ПД мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді.

"Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінен.