Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жетісу облысында ер адам көршісін ұрып өлтірген

AstanaTV
22.09.2023ж. 07:43
1019
Жетісу облысында ер адам көршісін ұрып өлтірген

Тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ер адам анықталып, қамауға алынды. Қылмыс Қаратал ауданында тіркелді. 19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады stan.kz.

Алған ауыр жарақаттардың салдарынан әйелді құтқару мүмкін болмаған. Әйел келесі күні ауруханада ес жимастан көз жұмды.

Полицейлер марқұмның қарт анасымен бірге тұратынын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады.

Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді екен. Қылмыстың себебі – екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан.

Қазір ұсталған адам қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.