Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ер адам әйелімен бірге босану бөлмесіне кіргеннен кейін ажырасып кеткен

AstanaTV
22.09.2023ж. 10:08
1276
Ер адам әйелімен бірге босану бөлмесіне кіргеннен кейін ажырасып кеткен

Аустралиялық ер адам әйелімен бірге босану бөлмесіне кіргеннен кейін ажырасып, аурухананы сотқа берген. Оның айтуынша, босану процесінен психологиялық ауруға шалдыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Әйел 2018 жылы босанған. Ер адам содан кейін ажырасып, аурухананы сотқа берген. Өйткені процедура кезінде әйелінің қаны мен дене мүшелерін көріп, психологиялық соққы алған.

Ол әйелдер ауруханасынан моральдық өтемақы ретінде бір миллиард аустралиялық доллар өндіруді талап етті.

Мельбурндегі Жоғарғы сот ер адамның талабын қабылдамады. Медициналық сараптама "психикалық соққының дәрежесі шекті деңгейге сәйкес келмейтінін" анықтады.