$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мен барда жылама". Бапкер мен баланың әрекеті желідегілерді елжіретті

AstanaTV
22.09.2023ж. 11:35
1858
"Мен барда жылама". Бапкер мен баланың әрекеті желідегілерді елжіретті

Әлеуметтік желіде бапкер мен баланың әсерлі видеосы пайда болды. Жарыстан қайтып келе жатқан спортшы бапкеріне медалін жоғалтып алғанын айтып жылайды. Бапкер оған жаңа медаль беріп, құшақтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бапкер Артур есімді баланың жылап тұрғанын көріп шақырады. Бала медалін жоғалтып алғанын айтады. 

"Сол үшін жылайсың ба? Жылама! Мен сияқты бапкерің барда жылама. Міне, саған жаңа медаль, тек жылама", - деп бапкер баланы жұбатады. 

Бапкер шәкірттеріне үнемі қолдайтынын айтып, жазба қалдырған. 

"Құрметті шәкіртім! Ешқашан жылама, өйткені сіз бізбен бірге болғанда, мен сені әрдайым қорғаймын. Сен жыламау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Есіңде болсын, бұл - екінші отбасың, біз саған қолдау көрсетеміз. Мықты бол, бірге биік шыңдарды бағындырамыз", - деп жазған бапкер парақшасында.

Желі қолданушылары бапкердің бұл әрекетіне тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Бапкер аға, жарайсыз, мынандай көзқараспен спортшылар бұйырса туымызды көтереді", "Шіркін, әр қазақтың жүрегі, қазақтың даласындай кең ғой", "Бауырым, қазақтың кең жүректі, кең құшақты екенін білдірдің. Осы шәкірттеріңнің рахаты мен жеңісін көр", "Жарайсың жаттықтырушы, қазақтың құшағы кең, жомарт, мейірімге толы ғой", - деп жазған олар.