$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Желіде белгісіз бот қазақстандықтардың жеке деректерін еркін таратуда

AstanaTV
22.09.2023ж. 15:00
1034
Желіде белгісіз бот қазақстандықтардың жеке деректерін еркін таратуда

Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың жеке құпия деректері еркін тарап жатыр. Телеграм мессенджеріндегі бот жеке деректерді алу үшін Ресей рублінде төлем сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бот кез келген адамның телефон нөмірін, мекен жайы мен жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып береді екен.

Деректерге сай басында ақпаратты тегін тауып беретін бот артынша жазылу үшін Ресей рублінде төлем жасауды сұрайды.

Ал еліміздің цифрлық даму министрлігі азаматтардың жеке деректері түрлі әлеуметтік желідегі ақпараттар арқылы қолжетімді болатынын жеткізді. Яғни, жеке мәліметтер адамның барлық онлайн платформаларынан қаралып, жинақталған.

“Қазіргі уақытта министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Бұл ретте Telegram боттар тұрғылықты мекенжайлары бойынша ескі мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу желілерінде көрсетілуі мүмкін”, – деді министрлік.