Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ерлан Қошанов ШЫҰ аясында өтіп жатқан жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті

22.09.2023ж. 20:00
655
Ерлан Қошанов ШЫҰ аясында өтіп жатқан жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті

Алматы облысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің қолдауымен «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагері жұмыс істеп жатыр. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бүгін лагерь қатысушыларымен кездесті. Жобаны ұйымдастырушы - «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты. Лагерь жұмысына шетелден және Қазақстанның барлық өңірінен келген 300-ден астам делегат атсалысуда. Шара аясында семинар-тренингтер өтіп, әр елден келген белсенділер өзара тәжірибе алмасып жатыр. Төраға өз сөзінде ұйымға мүше және байқаушы мемлекеттердің алдында тұрған міндеттерді іске асырудағы жастардың рөліне тоқталды. Қазақстандағы саяси реформалар мен елдің жаңа экономикалық моделін құру жөніндегі жұмысы туралы айтты. Елімізде жүзеге асырылып жатқан жастар саясатының маңызды тұстарына егжей-тегжейлі тоқталды. Жастарды осы бастамалар бойынша жұмысқа белсенді араласуды, Шанхай ынтымақтастық қйымы елдері деңгейінде бірлескен және креативті жобаларға бастамашылық етуді ұсынды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі заманда барлық елдің тең құқықтық негіздегі өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау аса маңызды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы барысында «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол ШЫҰ мен оның кеңістігінің одан әрі даму бағдарын айқындайды. Бұл жұмысқа ШЫҰ-ға кіретін барлық ел жастарының белсенді араласуы маңызды.