$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау нысандарын аралады

22.09.2023ж. 20:00
780
Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау нысандарын аралады

Қазан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді. Осыған орай Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау нысандарын аралады. Емханалар мен ауруханаларға барып, дәрігерлер мен емделушілермен сөйлесті. Ұсыныстарын тыңдады.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жалпы біздің азаматтарымыздың денсаулық сақтау мәселесі қазір өте өзекті мәселенің бірі болып тұр. Соның ішінде МӘМС жүйесі бойынша сұрақ тым көп. Сондықтан қазан айында біз үкімет сағатын өткізіп, осы жүйелі кешенді проблемаларды көтеріп, көтеріп ғана қоймай оған қандай заңнамалық тұрғы да біздің көмегіміз керек, қандай өзгерістер керек деген мәселеге тоқталып тиісті шешімдерді қабылдайтын боламыз.
Гүлнәр ҚҰЛЫШЕВА, №2 КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Өзекті мәселелер бар. Біз жаңа туған сәбиден 18 жасқа дейінгі балаларды түсінетін жедел жәрдем ауруханамыз. Жалпы, баланың кішкентай кезінде шешуге болатын көптеген мәселелер бар. Әрине, біз депутаттардың келіп, бізді тыңдағанына алғысымыз шексіз, шешім оң болады деп ойлаймын.