$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада шекарашылар туралы түсірілген сериалдың жабық көрсетілімі болды

22.09.2023ж. 20:00
901
Астанада шекарашылар туралы түсірілген сериалдың жабық көрсетілімі болды

Қазақ киноқоржыны тағы бір телехикаямен толықты. Астанада шекарашылар туралы түсірілген сериалдың жабық көрсетілімі болды. «По синим волнам» деп аталатын туынды Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысымен жарыққа шығады. 16 бөлімнен тұратын хикая Алматы, Ақтау қалалары мен Каспий теңізінің маңында түсірілген.

Дмитрий ҚЫРЫҚБАЕВ, РЕЖИССЕР:

Біз барынша тырыстық. Бар күшімізді салдық. Үлкен еңбек жатыр. Актерлар барынша мықты ойнауға тырысты. Бәріміз жан-жақтан күш біріктірдік. Қателіктер болса, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бірақ көрермендерге ұнайды деп ойлаймын. Өйткені телехикаяда мелодрама да, экшн да бар.

Туындыда теңіз академиясына оқуға түскен жастардың өмірі суреттеледі. Режиссерлар бұл хикая жастардың әскери теңіз күштеріне деген қызығушылығын арттыратынына сенімді. Шытырманға толы сериалды қазан айында "Астана" арнасынан көре аласыздар.

Әнуар САРСЕНБИН, АКТЕР:

Түсірілім өте қызық өтті. Маған ұнады. Әскери теңіз күштерінің жұмысымен таныстық. Мен түсірілім тобына көп рақмет айтамын. Бәрі керемет өтті. Жаңа орта, жаңа дос таптым.