$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тоқаев пен Шольц 28 қыркүйекте Берлинде келіссөз жүргізеді

AstanaTV
22.09.2023ж. 16:45
957
Тоқаев пен Шольц 28 қыркүйекте Берлинде келіссөз жүргізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

"Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.