Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстан мен Түркия кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялады

AstanaTV
23.09.2023ж. 14:50
968
Қазақстан мен Түркия кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан мен Түркия кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялайтыны туралы Заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Келісімді ратификациялау кедендік рәсімдерді оңайлатуға және оңтайландыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі, бұл өз кезегінде жүк тасымалдаушылар үшін жағдайды жақсартады.

Атап айтқанда, өткізу пункттерінде шекарадан өтуге басымдық беру, кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мақсатында кедендік ресімдеуді жеңілдету, кеден ісі және контрабанда саласындағы құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік тексеруден босату қарастырылған.

Келісім сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасында тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы электронды ақпарат алмасу арқылы тиімділікті арттыруға және кедендік бақылауды жүргізуге қажетті уақытты қысқартуға бағытталған.